МАГАТЭ басшысы агенттік учаскеде электрмен жабдықтау қалпына келтірілгені туралы ақпараттан хабардар екенін және бұл ақпаратты растауға тырысып жатқанын атап өтті.
Украина реттеушісі МАГАТЭ-ге Чернобыль атом электр станциясын электрмен қамтамасыз ету үшін апаттық дизельдік генераторлар қолданылып жатқанын айтты.
©REUTERS
Байланыс үзілгенге дейін алынған ақпаратқа сәйкес, учаскедегі екі электр желісі де зақымданып желіден ажыратылған. Үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін бұл желілерді жөндеу керек, қорда бар, жұмыс істей алатын генераторларға қосымша дизель отынын жеткізу керек.
©REUTERS
Украинада жұмыс істейтін атом электр станцияларының жай-күйіне қатысты реттеуші орган елдегі 15 реактордың сегізі жұмыс істеп тұрғанын, оның ішінде Запорожье АЭС-те екі, Ровенск АЭС-інде үш, Хмельницкий АЭС-те бір және екі реактор Оңтүстік-Украинада жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Ол төрт учаскедегі радиация деңгейі қалыпты шекте екенін атап өтті.
Бір күн бұрын Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Чернобыль атом электр станциясындағы жағдайды талқылап, Беларусь мамандарына АЭС-ті электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырғанын айтты.
Ресейлік әскерилер Чернобыль атом электр станциясы аймағындағы зақымдалған электр желісіне Украина тарапының жөндеу тобы өтуіне келіскендерін айтты.
Бұған дейін МАГАТЭ Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларындағы ядролық материалдарды бақылау жүйелері БҰҰ-ның ядролық қадағалауына мәліметтерді беруді тоқтатқанын хабарлаған.