Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шымкентте Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.
"2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.