Фото: Polisia.kz
Қарағандыда бірнеше ұрлық дерегі ашылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қалада 54 жастағы тұрғынның ұялы телефоны ұрланған. Полиция күдіктіні жедел түрде ұстап, оның 44 жастағы ер адам екені анықталды.
Тергеу барысында ол тек телефон ұрлығын ғана емес, бұған дейін жасалған тағы бір қылмысқа қатысы барын мойындады. Анықталғандай, күдікті қыс мезгілінде жеке тұрғын үй ауласына заңсыз кіріп, үш дана қымбат титан дискін қолды еткен.
Полицейлер 29 жастағы жәбірленушіні анықтап, дәлелдемелерді жинау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Қазіргі уақытта екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.
