06 мам, 2026 сағат 19:07

Пара беріп қашқан күдікті Грузиядан жеткізілді

Фото: 24.kz

Пара беру ісі бойынша күдікті Қазақстан азаматы Рустави қаласында ұсталып, Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Тергеу мәліметінше, ол жеке кәсіпкер бола отырып, полиция қызметкеріне қылмыстық жауапкершіліктен жалтару және өзіне тиесілі массаж салонының кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақша берген.

Қылмыстан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2026 жылдың наурызында ол шетелде ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге қайтарылды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс бойынша оған мүлкін тәркілеу және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.