10 қаң, 2019 сағат 10:44

ҰҚК Сирияда қанша қазақстандық жүргенін айтты

ҚР ҰҚК департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев Сириядағы қақтығыс аумақтарында жүрген қазақстандықтардың санын атады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

ҰКҚ департамент басшысының айтуынша, Сирияда әлі де болсын 370-380-ге тарта Қазақстан азаматы бар. 

«Олардың басым көпшілігі әйелдер. Олармен бірге 400-500 кішкентай бала бар», - деді ол.

Еске сала кетсек, 6 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі  жүргізген гуманитарлық шара – «Жусан» операциясы нәтижесінде Сириядан 47 Қазақстан азаматы, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған болатын.

Оның айтуынша, гуманитарлық операция бойынша Қазақстанға 6 ер адам, 11 әйел, 30 бала қайтарылды. Олардың кейбірін азаматтығынан айыру мәселесі барын атап өтті. 

«Иә, Президенттің бастамасымен бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілген болатын. Қазіргі таңда қақтығыс аймақтарынан келген азаматтарға қатысты бұл шара қарастырылып жатыр. Бәлкім, кейін сот шешімі бойынша жүзеге асуы да мүмкін. Бірақ, бұл ретте жағдайдың мүлде бөлек екенін айта кету керек. Бұл адамдар өздігімен елге оралуға ниет білдірген. Кінәлі деп танылғандар Қазақстанда жазаға тартылады. Кінәсіздер туралы әлбетте, шара қолдану қарастырылмайды», - деді Рахымбердиев.