Үкіметтік емес ұйымдар-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR» IIІ Республикалық форумы биыл Павлодар қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҮЕҰ-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR» IIІ республикалық форумы Павлодар қаласында 21-22 тамызда өтеді.
Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған.
Форум «әр жылы – жаңа өңір» қағидасы бойынша өтуде, бұл ел деңгейінде, сондай-ақ, өңірлік контекстті толығымен зерделеу мақсатында үш жақты ынтымақтастық қарқынын көрсетуге мүмкіндік береді. Алғашқы «ASAR» форумы 2017 жылы Атырауда, екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткізілген.
Форум жұмысына бизнес-құрылым, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының, орталық және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, форум жұмысы 4 бағытта: SOCIAL – ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO – ASAR «Жасыл» серіктестің форматындағы әлем», IT – ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR «Инклюзивтік қоғам уақыты» өткізіледі.
Екі күндік форум шеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбында пленарлық отырыс өткізіледі.
Оның аясында үш жақты әріптестікті және оның тетіктерін дамыту, әлеуметтік инвестициялар бағыттарының парадигмасындағы бизнестің қызметі, «кіші» отанды дамытуға әлеуметтік инвестициялар және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Сонымен қатар, шеберлік сабақтары, case-study семинарларын, workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер» интеллектуалы конференциясын ұйымдастыру және меморандумға қол қою жоспарланған.
Сонымен бірге, алғаш рет «ASAR activity» жобасын ұйымдастыру жоспарлануда, оның шеңберінде форум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылатын болады.
Сондай-ақ, платформада ҮЕҰ әлеуметтік жобаларының конкурсы өткізілді. 144 өтінімнің ішінен ҮЕҰ-ның 100 жобасы үздік деп танылды. Форум барысында аталған жобалардың таныстырылымын өткізу жоспарлануда.
Әрбір тілек білдіруші форум жұмысына онлайн-тіркеуден өтіп қатыса алады.
Форумның Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Павлодар облысының әкімдігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырады.
Форумның негізгі серіктестері - Eurasian Resources Group (ERG), Конрад Аденауэр атындағы қор және «Атамекен» ҰКП.