30 қыр, 2021 сағат 18:45

Үкімет ауыл тұрғындарына субсидия алуға мүмкіндік беретін заң жобасын әзірледі


Биыл Парламентке «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы енгізіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде елімізде шамамен 1,6 миллион жеке қосалқы шаруашылықтар бар. Олар 2020 жылдың қорытындысында 2,6 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін Парламентке «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы енгізіледі. Бұл заң жобасының қабылдануы мемлекеттік қолдау іс-шаралары аясында ауыл тұрғындарына субсидиялар мен жеңілдетілген несиелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Роман Скляр ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану жоспарланып отырғандығын айтты.

«Бұл сақ фермерлерді азық -түлік және жеңіл өнеркәсіп қажеттіліктерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Кооперация принципі ауылдық жерде шағын тауарлы өндіріс бәсекелестігін арттырады», - деді вице-премьер.