Моңғолияда президенттік сайлау аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Моңғол Халық партиясынан кандидат болған Ухнаагийн Хурэлсух көп дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап.
Соңғы деректерге сәйкес, У. Хурэлсухқа 67.6 пайыз (815.267), Демократиялық партиядан қатысқан үміткер С. Эрдэнэге – 6 пайыз (72.001), «Дұрыс адам – Электорат» коалициясының үміткері Д. Энхбатаға сайлаушылардың 20.2 пайызы (242.257) дауыс берді.