19 қыр, 2019 сағат 21:08

UFC чемпионы ұйым басшыларының спортшыларды "құлдықта" ұстап отырғанын айтты

Америкалық ММА файтері Колби Ковингтон UFC ұйымының басшылығын сынға алды, - деп хабарлайды BJPenn.com.

"UFC өз кәсібін құлдық еңбектің арқасында дөңгелетіп отыр. Олар спортшыларға ақша төлегісі келмейді, себебі оларға біздің кедей болып жүргеніміз тиімді. Бізге октагонға қайта қайта оралуға тура келеді және жылына кем дегенде алты рет шығуға мәжбүрміз", - деді спортшы. 

Ковнгтонның айтуынша, промоушенге миллиондаған доллар алып келген, алайда өзі осы соманың тек 2-3 пайызын ғана алған. "Олар осы ақшаның барлығын қалтаға басқаннан басқа ештеңе білмейді, ал маған ештеңе қалмайды", - деп түйіндеді ол.

Ковингтон жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол осы салмақ дәрежесінде UFC уақытша титулын иеленген. Спорттық мансабында 16 кездесу өткізіп, 15 рет жеңімпаз атанған. Соңғы рет ол 4 тамызда октагонға шығып UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Робби Лоулерді жеңді.