Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерін биыл үш жолмен білуге болады:
1. Тelegram-бот көмегімен - @EDU.GOV.KZ bot;
2. edu.mail.kz сайтында;
3. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында – www.testcenter.kz.
Нәтижелерді алу үшін тест тапсырушының жеке кодын енгізу қажет.
Ағымдағы жылы Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсыру кезіндегі болатын бұзушылықтардың алдын алуға қатысты нақты шаралар қабылдап отыр.
«Біз түлектер мен ата-аналарды мұндай жағдайларға бей-жай қарамауға шақырамыз. Егер сіздерге «дұрыс жауаптардың кодын» сатып алу секілді ұсыныстар түссе не тестілеу кезінде тапсырушылардың жауаптарды көшіріп отырғанына, сондай-ақ, аудиторияға бөгде адамдардың кіргеніне куә болсаңыз, +7 (7172) 69-50-87 нөміріне қоңырау шалуларыңызға немесе @EDU.GOV.KZ bot Telegram-ботына хабарлама жіберулеріңізге болады. Біз құпиялылыққа кепілдік береміз. Сіздердің сауалдарыңызға қатысты дер кезінде әрекет ету үшін 8-800-080-7177 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді» деген хабар таратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.