ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ-дан кейінгі аппеляция талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Тестілеу аяқталғаннан кейін, талапкер апелляцияға өтініш бере алады. Егер сұрақтардың құрамына немесе техникалық себептерге байланысты аппеляцияға беретін болса, оның 30 минут уақыты болады. Отырған орнындағы компьютерден аппеляцияға бере алады. Аппеляция 30 күннің ішінде қарастырылады және оның нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі», - деді Д. Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.