05 нау, 2021 сағат 07:31

Тынық мұхитында 8 балдық жер сілкінісі болды

Сейсмологтар бейсенбіде Жаңа Зеландияның құрамына кіретін Кермадек архипелагының жағалауындағы Тынық мұхитында 8,0 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" АҚШ-тың геологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте болды. Елді мекендердің эпицентріне жақын жерде орналасқан жоқ. 

АҚШ-тың цунами туралы Ұлттық ескерту орталығы ескерту жасады. 

Бейсенбі күні 7,3 баллдық жер сілкінісі Жаңа Зеландияның Солтүстік аралының жағалауында болды, ал бірнеше сағаттан кейін Кермадек архипелагының жанында 7,5 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Екі рет цунами қаупі жарияланды.