15 там, 2019 сағат 09:06

Түрмедегі төбелес: 60-қа жуық адам жарақаттанды

Сәрсенбі күні Соледад қаласындағы (Калифорния штаты) түрмелердің бірінде болған жаппай төбелестің салдарынан бірнеше ондаған сотталушы зардап шекті, деп хабарлайды ABC.

Агенттіктің мәліметінше, 200-ге жуық сотталушы түрменің алдындағы аулада төбелес шығарған. Күзет қызметі жанжалды тоқтату үшін аспанға оқ атуға мәжбүр болған. Сегіз сотталушы мекемеден тыс ауруханаларға жатқызылса, 50-ге жуық адамға түрменің ішінде медициналық көмек көрсетілді.

Күзетшілерден ешкім зардап шеккен жоқ.