Түркияға тікелей әуе рейстері артады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін ғана Түркиямен әуе қатынасы мәселесін талқылаған едік. Қазіргі уақытта Түркиямен әуе қатынасында 12 дәстүрлі бағыт бар. Олар: Нұр-Сұлтан-Ыстанмбұл, Алматы-Ыстанбұл, Түркістан-Ыстанбұл, Шымкент-Ыстанбұл, Алматы-Анталья. 20 бағдар қысқарды. Жаз маусымы басталғаннан кейін қазақстандықтардың көпшілігі Түркияға демалуға барады. Осыны ескере отырып, ведомствоаралық комиссияға, Түркия Республикасындағы тиісті органдардағы әріптестерімізге өтінім бердік, мәселе пысықталып жатыр», - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде барысында.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта Түркиямен арадағы әуе қатынастары кеңейтілуі мүмкін екендігін айтты.
«Меніңше, таяу уақытта біз рейстердің санын ең бірінші кезекте Антальяға кеңейтетін боламыз. Маусым айынан бастап-ақ азаматтарымыз сапарлай алуы үшін Антальяға өтінім беріп қойдық. Мәселе бір аптаның ішінде пысықталып, кеңейтіледі деп ойлаймын», - деді Бейбіт Атамқұлов.