15 мау, 2020 сағат 05:56

Түркиядағы жер сілкінісі: 1 адам көз жұмып, 18-і жарақат алды

Түркиядағы жер сілкінісінің салдарынан бір адам көз жұмып, тағы 18 адам жарақаттанған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлайды.

Бингөл провинциясының губернаторы Кадира Экинджидің мәлімдеуінше, жер сілкінісінен бір адам көз жұмып, тағы 18 адам жарақат алған.

Еске салсақ, Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Карлыова ауданының аумағында тіркелді. Дүмпу жақын маңдағы аудандарда сезілді.