08 там, 2019 сағат 14:15

Түркияда қуатты жер сілкінісі болды

Түркияның Эгей теңізі жағалауында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) сайты хабарлағандай, жерасты дүмпуі сегізінші тамызда жергілікті уақытпен 11:39-да тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Кушадасы айлағынан 8,19 шақырым қашықтықта болған.

Зілзала ошағы 18,47 шақырым тереңдікте орналасқан.