04 ақп, 2021 сағат 13:22

Түркияда коронавирустың екі жаңа штамы табылды

Түркияда коронавирустың екі жаңа штамы табылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.

Ондағы деректерге қарағанда, аталмыш хабарды Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин кожа мәлім еткен.

«Біздің елде британдық штамнан басқа, оңтүстік африкалық штамның екі жағдайы және бразилиялық түрінің бір жағдайы тіркелген», - деді ол.

Түркияда коронавирус инфекциясы 2 миллион 259 мың адамнан расталып, 26,3 мың науқас қайтыс болған.