Сәрсенбі күні Түркияның орталық бөлігінде болған әскери ұшақ апаты салдарынан ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Түркияның Әуе күштеріне тиесілі NF-5 жойғыш ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 02:15-те Ко́нья қаласының орталығында жаттығу кезінде құлаған. Апаттың себептері белгісіз.
Апаттың мән-жайын тергеу басталды.
Ұшақ Түркияның әуе күштерінің «Түрік жұлдыздары» әскери ұшқыштар тобына тиесілі делінген.
Ұшақ құлаған жерде Қаратай округінің Февзи Чакмак ауданында апаттық бригадалар жұмыс істеуде.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің Twitter аккаунтында қаза тапқан ұшқыштың отбасына көңіл айтты.