Бейсенбіде Түркияның шығысында болған тікұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 11-ге жетті. Бұл туралы Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады "Ұлт ақпарат" Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Түркияның шығысында тікұшақ апатқа ұшырап, 9 адам қаза болғанын хабарлаған едік.
Битлис провинциясында Cougar тікұшағы құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қолайсыз метеожағдай апатқа себеп болған.