21 сәу, 2024 сағат 14:51

Түркия президенті Ердоған ХАМАС басшысымен кездесті


Түркия президенті Ердоған ХАМАС басшысымен кездесті. Израиль тарабы мұны масқара деп атады

Кеше, 19 сәуірде ХАМАС саяси бюро басшысы Хания Түркияға келген. Ал бүгін ол Ердоғанмен кездесу өткізген.

Бүгінгі кездесуде не талқыланғанын "Хабер" арнасы жазды. Мұнда да Газа секторындағы жағдай мен гуманитарлық көмек талқыланған. 

Отырыста Израильдің палестиналық жерлерге жасап жатқан шабуылы талқыланған. Ердоған бұл кездесуде батыл мәлімдемелер жасады: Израиль ісіне жауап береді деді, Палестина тәуелсіз мемлекетін құру туралы айтты. 

Түркия президенті палестиналықтарды Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысы кезінде бірігуге шақырды.

"Палестиналықтардың бұл процесте біркелкі әрекет етуі өте маңызды. Израильге ең күшті жауап және жеңіске жету жолы бірлік пен тұтастықта жатыр", - деді ол.


Осы тұста Израильдің сыртқы істер министрі Кац мұсылман қауымына үндеу жасады. 

"Мұсылман бауырлар: зорлық, қырғын, мәйітті қорлау, сәбилерді өртеу. Ердоған, мына ісің масқара!" - деді ол.