15 там, 2020 сағат 09:47

Түркия мен Қазақстан 1 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді

1 қыркүйектен бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы жаңартылады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркия елінің Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлының айтуынша, Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы 1 қыркүйектен бастап жаңартылады. 

Еске сала кетсек, 7 тамыз күні Анкарада Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесу өткізіп, онда әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелерін талқылады. 

Бұған дейін, 6 тамызда түрік билігінің Air Astana компаниясына Түркияға екі апта ұшуға тыйым салғаны туралы хабарланған. Одан кейін Түркия Елшілігі Қазақстаннан әуе рейстерінің тоқтатылу себебін түсіндірді.