04 ақп, 2021 сағат 12:45

Түркия халқының саны 2020 жылы 459 мыңға өсті

Түркия халқының саны 2020 жылы 459 365 адамға көбейіп, жалпы саны 83 614 362 адамға жетті. Бұл туралы Түркияның Статистика институты (TÜİK) мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

TÜIK мәлім еткендей, 2020 жылдың 1 қаңтарында ел халқы 83 154 997 адамды құрады, ал осы жылдың басында бұл көрсеткіш 83,6 миллионнан асты. 

Ерлердің үлесі 50,1 пайызды (41 915 985), әйелдердің үлесі 49,9 пайызды (41 698 377) құрайды.

2021 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша Түркия халқының 93 пайызы қалаларда тұрады, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 92,8 пайыз болған еді.