Фото: Pexels.com
Израиль президенті Ицхак Герцогты БҰҰ-ның климаттық саммитіне (COP29) Әзірбайжанға апара жатқан ұшақ Түркияның әуе кеңістігінен өте алмады, деп хабарлайды Milliyet басылымы.
16 қарашада Израиль президентінің Бакуге COP29 аясындағы сапары «қауіпсіздік мәселелеріне» байланысты тоқтатылғаны жарияланды. Алайда Әзірбайжанның СІМ-індегі дереккөздер негізгі себеп Түркияның Израиль президентінің ұшағына өз аумағы арқылы ұшуға тыйым салуы екенін айтты.
Бұл оқиға Анкара мен Тель-Авив арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына байланысты орын алды. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Израильмен дипломатиялық байланыстардың тоқтатылғанын мәлімдеп, екі ел арасындағы диалогтың әрі қарай дамуы жоспарланбағанын атап өткен болатын.