02 қаз, 2019 сағат 06:55

Түркия электронды темекіні импорттау мен сатуға тыйым салмақ

Түркия үкіметі электронды темекіні сатуға тыйым салмақ. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

«Электронды темекіні сатуға, импорттауға тыйым салынады. Біз осы жөніндегі заң жобасын әзірлеп жатырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, осы мәселе қарау үшін Түркия парламентіне ұсынылады.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ-та 14 адам электронды темекінің құрбаны болғанын хабарлаған едік.