Фото:zhaikpress.kz
Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов өз әпкесі Огулжахан Атабаеваны Түрікменстанның "Arkadag" медалімен марапаттады, деп хабарлайды ult.kz.
"Тәуелсіз бейтарап Түрікменстанның Гуманитарлық әлеуметтік саясатын табысты орындауға, қамқорлыққа мұқтаж адамдардың, әсіресе балалардың қоғамдық және мемлекеттік өмірге лайықты және толыққанды қатысу құқықтарын сақтауға, әлеуметтік саланы дамытуға, қоғамдық, гуманитарлық, қайырымдылық және медициналық мекемелердің қызметін кеңейтуге, атап айтқанда, көмек көрсету, қаржылық және денсаулық сақтау ұйымдарын ұйымдастыру бойынша үлкен үлесін ескере отырып, балалар мен жастардың қолдауына мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету, оларға медицина, санация және оңалту саласында консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін Гурбангулы Бердімұхамедов атындағы қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсету жөніндегі қайырымдылық қорының атқарушы директоры – вице-президенті Огулжахан Атабаева Түрікменстанның "Arkadag"медалімен марапаттасын", -деп жазылған Президент Жарлығында.
Айта кетейік, Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның бұрынғы Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың туған баласы.