Фото: Pexels.com
Түрікменстан билігі Түркияға кетіп жатқан азаматтарын бақылауды күшейтуі мүмкін, деп хабарлайды Turkmen.news өз дереккөздеріне сілтеме жасап.
Түркия "жұмсақ миграциялық саясат" жүргізіп, шетелден жұмыс күшін тартуды көздейді. Ашхабад өз кезегінде азаматтарының Түркияға көшуін шектеуге және шетелде жүргендерді елге қайтаруға күш салып жатыр.
Осы мақсатта миграция қызметінің қызметкерлері Түрікменстан азаматтарын әуе рейстерінен жаппай түсіріп, шетелдік паспорттардың мерзімін қысқартып, оларды алуды қиындатып жатыр.
Сондай-ақ шетелде оқып жатқан студенттерге ақша аударуды қиындату шаралары енгізіліп жатыр.