ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі цифрлық даму министрлігімен, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-мен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп "Air Astana" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы және Алматы – Нұр-Cұлтан бағыты бойынша рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларды тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Жолаушыларға жеке куәліктің түпнұсқасы болуы ұсынылады. Пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болып табылады.
EgovMobile-да "цифрлық құжаттар" сервисімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша "Е-document" бағдарламалық қамтамасыз ету Нұрсұлтан Назарбаев әуежайымен бірлесіп әзірленді. Жоба Мемлекет басшысының "жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу"тапсырмасын орындау мақсатында енгізіледі.
Сонымен қатар елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 10 мамырдан бастап Ashyq қосымшасы арқылы жолаушыларға рұқсат беру жобасы енгізілуде. 12 мамырдан бастап жобаны толыққанды іске қосу жоспарланған.
Мобильді қосымшаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялау есебінен жолаушының мәртебесі анықталады: ол қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па сол тексеріледі. Яғни жолаушылар мен авиакомпаниялар мен әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан санитариялық шараларға қосымша бақылау ретінде енгізілді.
Ashyq қосымшасын қолдану жолаушылар мен қызметкерлер үшін қосымша қауіпсіздік кепілі болып табылады.
"Осыған байланысты, барлық жолаушылардан әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз статусын тексеруді сұраймыз. Терминал ғимаратына сары және қызыл мәртебесі бар жолаушыларға рұқсат берілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда, қаражатты қайтару мәселесін авиакомпанияға жіберу керек",-делінген әуежайдың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алматы әуежайына Ashyq қосымшасы бойынша кіру 2021 жылдың 21 мамырынан бастап енгізіледі.
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің алтыншы мамырдағы қаулысына сәйкес, жолаушылар әуежайға келгенге дейін Ashyq мобильді қосымшасын жүктеп, өздерінің мәртебесін тексеруі қажет.
Айта кетейік, 17 қаңтардан бастап шағын және орта бизнестің жекелеген нысандарына қолжетімділік ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Ashyq" мобильді қосымшасын енгізді.
QR-кодты сканерлеу кезінде қосымшада келушінің мәртебесі анықталады:
Егер адам коронавирусқа ПТР тестін тапсырып, оң нәтиже алса, "қызыл " мәртебе беріледі. Бұл мәртебенің иелеріне үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтау тапсырылды.
"Сары" байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат бар, бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.
"Көк" ПТР-тест міндетті орындардан басқа барлық жерде еркін қозғалуды білдіреді.
"Жасыл" – толық қозғалыс еркіндігінің белгісі.
1 шілдеден бастап қосымшада адамның вакцинацияланғанын көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі цифрлық даму министрлігімен, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-мен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп "Air Astana" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы және Алматы – Нұр-Cұлтан бағыты бойынша рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларды тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады.
Жолаушыларға жеке куәліктің түпнұсқасы болуы ұсынылады. Пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болып табылады.