10 қаң, 2025 сағат 13:37

Трамп Путинмен кездесуге дайындық туралы айтты

Фото: AP

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қазіргі уақытта Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне дайындық процесі жүріп жатқанын айтты деп хабарлайды Ult.kz.

BBC басылымынның жазуынша "Ол кездескісі келеді және біз дайындалып жатырмыз", — деді Трамп Флоридадағы Мар-а-Лагодағы резиденциясында республикалық губернаторлармен кездескенге дейін журналистерге.

"Президент Путин кездескісі келеді. Ол бұл туралы көпшілік алдында да мәлімдеді және біз бұл соғысты тоқтатуымыз керек", — деп қосты Трамп.


Украинадағы соғысты еске сала отырып ол бірнеше рет соғысты тоқтатуға уәде берді, бірақ оны қалай жоспарлағанын нақты көрсетпеді.

Кездесу қашан болуы мүмкін екенін Трамп нақтыламады, деп жазады Reuters.

Кремль Трамптың сөзіне әлі түсініктеме берген жоқ, бірақ жақында Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге егер Трамп 20 қаңтардағы инаугурациядан кейін Ресей президентімен байланысуға ниетті болса, онда бұл тек Мәскеуде құпталады деп айтты.

"Егер қызметке кіріскеннен кейін жоғары деңгейдегі байланыстарды қалпына келтіруге деген саяси ерік сақталса, онда, әрине, президент Путин мұны тек құптайды", — деді ол.


Трамп бұған дейін Путинмен келіссөздер ол қызметке кіріскеннен кейін алты ай ішінде өтуі мүмкін деген.

Бейсенбіде Песков американдық тараптан мұндай кездесуге әлі өтініштер түспегенін айтты. Ал желтоқсан айында Путиннің өзі Трамппен кездесуге дайын екенін жеткізді.

Қарашада Дональд Трамптың президенттік сайлаудағы жеңісінен бір апта өткен соң, Washington Post газеті Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылады деп жазды.

Кремль бұл ақпаратты "таза фантастика" деп атады.