Трамп өтірік айтудан өзінің рекордын жаңартты. Өткен аптада АҚШ Президенті Дональд Трамп 129 жалған мәлімдеме жасады, деп жазады CNN.
Бұған дейін The Washington Post Дональд Трамптың президенттікке сайланғаннан бергі уақытта айтқан жалған ақпараттарын санап жүрген еді. CNN осы жылдың шілде айынан бастап санақ жүргізе бастады. Басылымның есептеуінше, Дональд Трамп өткен аптада өзінің рекордын жаңартып, бір аптада 129 рет өтірік айтқан.
«Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп күніне 18 жалған ақпарат айтқан. Соның нәтижесінде оның артынан ерген әлеуметтік консерваторлар, тілшілер мен Твиттердегі жақтастары да жалған мәліметтер легіне еніп кеткен», деп жазады басылым. Автордың хабарлауынша, Трамп бұған дейін 14 аптада 90 жалған мәлімет айтқан.