Дональд Трамп Қытай Солтүсік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты қатаң саясат ұстана алмаса, АҚШ онымен өзі айналысуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 2 сәуірде Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты.
Трамп 6-7 сәуірде Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездеседі.
"Қытай Солтүстік Кореяға ықпал ете алады және Пекин біздің Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мәселесін реттеуге көмектесу, я көмектеспеу туралы бір тоқтамға келуі керек. Егер көмектессе, онда ол Қытайдың өзі үшін өте жақсы болмақ" деді АҚШ президенті.
Трамп АҚШ-тың Солтүстік Корея мәселесін Қытайдың араласуынсыз өзі-ақ реттей алатынын да мәлімдеді.
"Солтүстік Корея мәселесін қалай реттемексіз" деген сұраққа Трамп "Оны сізге айтпаймын. Менің сізге Таяу Шығыста қай жерде соққы жасағалы жатқанымды алдын ала айтып қоятын бұрынғы АҚШ емес екенімді білесіз" деп жауап берді.
Трамп пен Цзиньпин Корей түбегіндегі жағдаймен қоса, бірқарат күрделі мәселені талқылайды деген болжам бар. Сонымен қатар күн тәртібінде Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық дау мен сауда мәселелері қаралмақ.
Трамп президент сайлауы кампаниясында Қытайды әділетсіз сауда-саттық саясатын жүргізіп отыр деп айыптап, қытай тауарларына импорттық салықтың көбейтілетінін мәлімдеген еді.