16 мау, 2020 сағат 09:38

Төрт айда 217 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелді

2020 жылдың қаңтар-сәуірінде елімізде 217 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелді. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында 217592 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 29,5 пайызға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3932,4 мың бірлікті құрады», - делінген комитет дерегінде. 

Ведомство мәліметінше, осы жылғы қаңтар-сәуірде 3 335 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 820 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апаты 21,4 пайызға кеміді.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10 млрд теңге сомасында 25 056 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.