Солтүстік Кореяда Пангири полигонындағы ядролық сынақтардан кейін жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары түрлі ауытқушылығы бар балаларды өмірге әкеле бастады, деп жазады LIFE оңтүстіккореялық Chosun Ilbo басылымына сілтеме жасап.
2016 жылдың қаңтарында Кильджу қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 50 километр жерде, Пангири полигонында жер асты ядролық сынағы жасалды.