16 қаң, 2019 сағат 10:39

Токионың қақ ортасында бір топ адамды автомобиль басып кетті

Токионың орталығында автомобиль жаяу жүргіншілер жолағында бір топ адамды басып кетті, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.

Келеңсіз жағдай Токиодағы Синдзюку теміржол вокзалының маңында болды. Жапония құқық қорғау органдарының деректеріне сүйенсек, оқыс оқиға салдарынан кем дегенде жеті адам зардап шеккен, олардың кейбірі хал үстінде жатыр.