Жұма күні Токио Олимпиадасы ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото Жапония астанасы мен елдің өзге жерлерінде коронавирус жұқтырғандар санының күрт өскеніне қарамастан ойындардың өткізілететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kyodo News агенттігі.
«Мен ойындарды өткізбеу туралы ойлаған жоқпын. Біз қауіпсіздік бойынша шараларды қабылдап, Олимпиада ойындарын өткізуді көздеп отырмыз», - деді Хашимото баспасөз мәслихатында.
Жапонияда COVID-19 вирусын жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші қайта өсіп келеді. Бұл ретте денсаулық сақтау саласының сарапшылары коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуынан туындаған инфекциялардың «төртінші толқыны» елдің медицина саласына одан да үлкен жүктеме салып отырғанын еске салып отыр.
Жапония үкіметі мен басқа ұйымдастыру органдары қазірдің өзінде Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын көрерменнің қатысуынсыз өткізу шешімін қабылдады.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына дейін 100 күннен аз уқыт қалды, ал Жапонияда ойындарды пандемия жағдайында өткізу бойынша қоғамдық қолдау төмен болып отыр: Kyodo News-тің таяуда жүргізген сауалнамасында респонденттердің 39,2 пайызы ойындарды өткізбеу керек екенін айтса, тағы 32,8 пайызы оларды кейінге қалдыру керек деген пікір қалдырған.
Хашимото ойындардың сәтті өтуі комитеттің спортшылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне байланысты екенін атап өтті.