01 сәу, 2021 сағат 18:12

Токио Олимпиадасының алауы эстафетасы коронавирустың өршуіне байланысты тоқтатылды

Осы айдың соңында Осакада болуы тиіс Токиодағы Олимпиада алауы эстафетасының секциясы коронавирусты жұқтырушылардың саны күрт өсуіне байланысты тоқтатылды. Бұл туралы бейсенбі күні ресми тұлғалар мәлімдеді, деп хабарлайды KYODO NEWS агенттігі.

Жалпыұлттық эстафета басталғалы бір аптадан соң, Олимпиада ойындарына деген құлшынысты арттыруға бағытталған іс-шара коронавирусқа байланысты қиындықтарға тап болды. 

Осака губернаторы Хирофуми Йошимура префектура үкіметі қала тұрғындарынан үйден шықпауды сұрайды.

Айта кетер жайт, 14 сәуірде Осакада өтетін салтанатты шарада Олимпиада ойындарының ашылуына дейін 100 күнді санау кезінде көрермендер болмайды.

Осакада бір ай бұрын префектурада төтенше жағдай жойылғаннан кейін COVID-19 инфекцияларының өсуі байқалды. Бейсенбіде инфекция жұқтырудың 616 жаңа жағдайы расталды, 16 қаңтардан бастап коронавирусқа шалдыққандар саны алғаш рет 600-ден асты. 

Олимпиада алауы Жапонияның барлық 47 префектурасын қамтиды. 121 күндік шара 25 наурызда Фукусима префектурасында басталған еді.