14 ақп, 2018 сағат 17:37

Тоқалымен жасырын үйленгісі келетіндер де бар – АХАТ қызметкері

Алматыдағы АХАТ қызметкері Жанна Дүйсембаева үйленген ер азаматтардың да жас қыздармен некеге тұрғысы келгені туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бір ер адам әйеліне айтпай, жас тоқалмен отбасы құрғысы келді. Мұндай әрекетке барған азаматтар – өзге діни ағымның өкілдері. Бірақ некені қимас бұрын біз деректер базасы арқылы тексеріс жүргіземіз. Сондықтан біз олардың мұндай қадамға баруына келісім бермедік.

Сондай-ақ, ер адамдардың өздерінің әйелдері бар екенін жасырғысы келген деректер де кездесті. Олар басқа әйелдермен некеге тұрғысы келді. Біз олардан мұндай қадамға бармауын өтіндік. Себебі, бұл неке заңсыз болып есептеледі әрі осы әрекеті үшін жазалануы да мүмкін. Заң бойынша өтірік ақпарат берген азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалады», - деді Жанна Дүйсембаева

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда той сыйлығын бөлісе алмаған ерлі-зайыптының бір күннен кейін ажырасып кеткенітуралы хабарлаған болатынбыз.