14 қыр, 2020 сағат 10:15

Тоқаев Жұманғаринді жаңа қызметке тағайындады

Серік Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Президент халыққа Жолдауында бәсекелестікті дамыту мен қорғау бойынша мықты әрі тәуелсіз орган қажет екенін айтқан болатын. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей Президентке бағынатын бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігін құруды тапсырды.

Айта кетейік, Серік Жұманғарин 1969 жылы туған. Мәскеу энергетика институтын және Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында магистр дәрежесін алды.