01 шіл, 2021 сағат 12:57

Тоқаев видеоүндеу жасайды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұрпақ теңдігі" форумында видеоүндеу жасайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "БҰҰ - әйелдер" құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Виртуал форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Форумның негізгі мақсаты - осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.