10 мау, 2021 сағат 18:33

Тоқаев QazVac-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне қосуды ұсынды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-жалпы отырысында отандық QazVac вакцинасын Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне қосуды ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеп, өндіріске шығарған санаулы ғана елдердің бірі екендігін атап өткім келеді. Өткен аптада ғана мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесу өткіздім. Бұл ұйым төтенше жағдайларда пайдалану үшін ұсынылатын медикаменттердің тізіміне QazVac вакцинасын қосу мәселесін қарастырады. Біз вакцина өндірісін арттыруға және оның шетелге экспортын жолға қоюға дайын екендігімізді айтқым келеді», - деді Мемлекет басшысы.