24 шіл, 2021 сағат 22:15

Тоқаев Путинмен Ауғанстандағы жағдайды талқылады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қос ел басшысы Ауғанстандағы жағдайды және оның Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін әсерін талқылады. 

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің және өңірдегі өзге де елдердің үйлесімді іс-қимылдарының маңызды екені атап өтілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айында Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.