Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың бейресми кездесуінен суреттер жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Суреттерді «Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуі» деген тақырыппен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады.
