20 там, 2021 сағат 20:28

Тоқаев Мәскеуде Путинмен кездеседі


Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Президент Владимир Путинмен кездесу жоспарланған.

Екі ел басшысы Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады", - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.