10 мау, 2021 сағат 21:45

Тоқаев Қатар Сыртқы істер министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаттар Сыртқы істер министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Қатар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман Әл Тәнимен кездестім. Екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ, Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық барысын талқыладық», - делінген жазбада. 

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Премьер-Министрінің орынбасары, осы елдің Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді қабылдағанын жаздық.