02 қаз, 2021 сағат 12:02

Президент: Ғарыш саласындағы жетістіктеріміз ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді


30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады, деп жазды бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 

«Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді», - деді Мемлекет басшысы.