19 шіл, 2021 сағат 16:50

Тоқаев эпидахуалды жақсартудың жұмыс жоспарын дайындауды тапсырды


Эпидемиолгиялық ахуалды жақсартудың тиісті жұмыс жоспарын дайындау қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады», -деген Президент жағдайды тұрақтандыру үшін жұмыс жоспарын жасап, сол бойынша әрекет ету керектігін атады. 

«Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы.