27 шіл, 2021 сағат 12:38

Тоқаев екі министрлікті қайта құрды


Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа функциялар мен өкілеттіктер алды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 шілдеде қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Президенттің қайта құру туралы шешімі:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ішкі істер министрлігінің функциялары мен өкілеттіктерін ала отырып, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңсыз иммиграцияны тоқтату жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көші-қон саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша ішкі істер органдарының функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, заңсыз көшіп келушілерді қайта қабылдау, Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасына келу үшін визалар беру, халықты құжаттандыру және азаматтығы мәселесін қарайды;

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру үшін Ішкі істер министрлігінің функциялары мен өкілеттіктерін алды:

  • 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі енді қазақстандық колониялардағы медициналық қызметтерге жауап беретіні хабарланған болатын.