Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін Шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді»,-деп жазды, Мемлекет басшысы.
Осыған дейін Қазақстан Президентінің ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойғанын жаздық.
