28 мам, 2021 сағат 14:21

Тоғызыншы қабаттан құлаған 6 жасар бала аман қалды


Ресейде алты жасар бала тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлағаннан кейін аман қалды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Ресейдің Түмен облысының прокуратурасы Николай Ростовцев көшесіндегі үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен алты жасар баланың құлау фактісі бойынша тексеріс ұйымдастырды. Оқиға 27 мамыр күні кешке Түмен қаласында болды. Бала жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бала дәрі-дәрмектік комада жатыр.