Беларусьте COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны сынау басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Оларды республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығы жүргізеді. Тәжірибелік үлгіні сынау шаралары күзге дейін аяқталады деп жоспарлануда. Елдегі вакцина өнідірісі 2022 жылы іске қосылуы мүмкін.
Сиам туристерді қабылдауға дайындалып жатыр. Таиланд билігі алдағы төрт ай ішінде басқа елдердің тұрғындары үшін шекараны ашуға ниетті. Бұл туралы елдің Премьер-министрі Прают Чан-Оча мәлімдеді.
Оның айтуына қарағанда, шетелдік туристерді қабылдауға «дайын» курорттық аймақтар ертерек ашылуы мүмкін. Шекаралардың ашылуы эпидемиологиялық жағдайға қауіп төндіретіндігін түсінген саясаткер ел экономикасын дамытудағы туристік саланың маңызды рөлін атап өтті. ПТР зерттеулердің нәтижесін ұсыну міндеті алынбайды.
Германияда елге келетін азаматтарға қатысты ереженің күші жойылған жоқ. Аталмыш ережеге сәйкес елге келгендердің барлығы ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсетуі керек. Мұндай шешім Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мен Германия федералды жерлерінің Денсаулық сақтау министрлігі басшысының кездесуінде қабылданды. Сонымен қатар, мектептерде тестілеуді аптасына екі рет жүргізуді жалғастыру, күз және қыс айларында Германия тұрғындары үшін жедел тесттерді тегін өткізу қажеттілігі туралы айтылды.