Тимур Бекмамбетовтің «Базелевс» компаниясы 2018 жылғы 17 қазанда Керчьте болған қайғылы оқиға туралы фильм түсіріп жатыр. Бұл туралы сәрсенбіде компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.
Фильмнің сюжетіне колледждің 18 жастағы студенті Владислав Росляков ұйымдастырған қайғылы оқиға арқау болады. Еске сала кетейік, былтыр Керчьте колледж студенті жасаған жарылыс пен атыс салдарынан қаза тапқандар саны 21 адамға жеткен болатын.
«Фильм тек Росляковтің өзі туралы ғана емес, мұнда қаза тапқандар, оқытушылар және оқушылар туралы да әңгіме болады», - дейді түсірілім тобының өкілдері.
Фильм screenlife форматында түсіріледі. Картина режиссері - Леонид Марантиди. Оның қашан үлкен экранға шығатыны әлі белгісіз.